Accessibility links

Ердоған үкіметін айыптаған Twitter парақшалары бұғауланды


Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі Эмин.
Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған мен оның әйелі Эмин.
Twitter әлеуметтік желісі Түркия премьер-министрі Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қатысты айыптау құжаттарын жариялау үшін пайдаланылған екі аккаунтты бұғаулады. Түркия билігі өткен аптада Twitter компаниясы басшылығымен кездескен.

Twitter менеджерлері таратқан мәлімдемеге қарағанда, аккаунттар "сот шешімі" негізінде бұғауланған.

@Haramzadaler333 және @Bascalan аккаунттары бұған дейін Ердоғанның, оның отбасы мен серіктерінің коррупциялық жанжалдарға қатысы барын айғақтайтын көптеген құпия құжаттар мен телефон жазбаларын жариялаған еді. Бұдан соң Түркияда әлеуметтік желілер қыспаққа ұшыраған.

Наурызда жергілікті билік органдарына сайлау алдында Түркия билігі Twitter мен YouTube сайттарын бұғаулаған еді.
XS
SM
MD
LG