БҰҰ мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйым сарапшылары Сирия үкіметі қолындағы химиялық қарудың шамамен 80 пайызы жойылғанын хабарлады.
Қос ұйым сарапшылары таратқан мәлімдемеде Сирияның химиялық қаруын жою жұмыстары межеленген мерзімі - маусым айының соңына дейін аяқталатынын айтады.
Биылғы жыл басында үкімет әскері мен көтерілісшілер арасындағы қақтығыстардан Сирия химиялық қаруының біразын кемеге тиеп, елден шығару жұмыстарын мерзімінде орындай алмаған еді.
Былтыр тамыз айында Дамаск маңында химиялық қарумен жасалған шабуылдан жүздеген адам қаза тапқан соң АҚШ-тың қысымымен Сирия үкіметі химиялық қаруын халықаралық қауымдастықтың бақылауына тапсыруға көнген. АҚШ пен Ресейдің арағайындығымен жасалған келісім бойынша, Сирияның барлық химиялық қару-жарағы маусым айының 30-ына дейін жойылуы тиіс.