Accessibility links

Палестиналық ұйымдар ортақ үкімет құрмақ


Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас.
Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас.
ХАМАС қозғалысы мен Палестинаны азат ету ұйымы ортақ үкімет құру жоспарын жариялады. Жоспарда алдағы бес аптада ымырашыл үкімет құру және Палестина парламенті жаңа әкімшілікті мақұлдаған соң алты айдан кейін сайлау өткізу көзделген.

Исламшыл ХАМАС қозғалысы мен Палестинаны азат ету ұйымы соңғы жеті жылда бөліну алдында тұрған. ХАМАС газа секторын бақылайды, ал Палестинаны азат ету ұйымына кіретін ФАТХ ұйымы Иордан өзенінің батыс жағалауына иелік етеді. Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас осы ФАТХ ұйымының мүшесі.

Израиль екі ұйым арасындағы кез-келген келісім Палестинамен арадағы бейбіт келіссөздерге кедергі келтіреді деп ескертті.

Тель-Авив ХАМАС еврей мемлекетін жоюға шақыратындықтан бұл ұйым өкілдерімен жұмыс істеуден бас тартады.

Бұл хабардан соң Израиль мен Аббас әкімшілігі арасында АҚШ-тың арағайындығымен өтіп жатқан бейбіт келіссөздер бірқатар келіспеушіліктерге байланысты тығырыққа тірелгені туралы ақпарат тарады.

АҚШ Палестина әкімшілігінің бұл жоспарына қатысты таңданыс білдірді. АҚШ мемлекеттік департаменінің ресми өкілі Джен Псаки жоспар палестиналықтар мен израильдіктер арасындағы келісім жасау әрекетіне "кедергі келтіреді" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG