Accessibility links

Ресей Украинаның әуе шекарасын бұзды


Ресейдің әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет)
Ресейдің әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет)
Бұл туралы АҚШ-тың Пентагон баспасөз хатшысы 25 сәуір күні хабарлады. Оның айтуынша, "соңғы тәуліктерде Ресейдің әскери ұшақтары Украина әуе кеңістігіне бірнеше рет кірген". АҚШ қорғаныс министрлігі өкілі Мәскеуді "қақтығысты ушықтырмауға шақырды".

Мұның алдында аты-жөні аталмаған АҚШ үкіметінің өкілдері Associated Press ақпарат агенттігіне "бұл әрекеттердің қақтығысты ушықтыруға арналғанын" айтқан еді. Олардың сөзіне қарағанда, Ресей әрекеттерін "күшті екенін көрсету немесе Украинаның әуе шабуылынан қорғану жүйесі радарларын тексеру" деп болжауға болады.

Пентагон баспасөз хатшысы "Пентагон басшысы Чак Хэйгель мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудің кездесуін ұйымдастыру жөніндегі ұсынысқа Ресей қорғаныс министрлігі әлі жауап бермегенін" айтты.
XS
SM
MD
LG