Accessibility links

Борышкерлер "АТФ" банкі басшылығына талап қойды


АТФ Банк алдындағы наразылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:10 0:00
Жүктеп алу

ВИДЕО: АТФ Банк алдындағы наразылық. Алматы, 28 сәуір 2014 жыл.

Бүгін Алматыда "АТФ" банкі бөлімшесі алдында ондаған тұрғын ипотекаға алған үйлерін тартып алмауды талап етуге жиналды.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, борышкерлер банктен ипотека арқылы алған үйлерінің қарызын төлей алмағаны үшін үйлерін тартып алмауды және қарыздарын кешіруді талап еткен ұрандар ұстап шықты. Наразы тұрғындар борышкерлердің кейбірін үйінен күштеп шығаруға қарсылық білдірді.

Наразы борышкерлердің алдына банктің өкілі Санат Әбенов шығып, оларды кеңсеге сөйлесуге кіргізді. Борышкерлердің бірі Сұлубике Жақсылықованың айтуынша, Әбенов олардың талаптарын екі күн ішінде қарап, жауабын айтуға келіскен. Бұған қоса банк басшылығы борышкерлердің қарыздарын төлеу шартын жеңілдету, өсім ақшаларын жою талаптарын да қарастыруға уәде еткен.

Сұлубике Жақсылықованың сөзіне қарағанда, борышкерлер талабы орындалмаса, банк кеңсесі алдына шатыр тігіп, жаңа наразылық акциясын бастайтындарын ескерткен.

Өздерін «борышкерміз» деп атайтын азаматтар – 2000 жылдардың ортасында болған «қаржылық дүмпу» кезінде банктерден салыстырмалы түрде оңайлатылған жолдармен несие алған тұрғындар. Олар несие көлемі мен өсіміне байланысты дауларын шешуді билік пен банктен талап етеді. Билік орындары банк пен клиенттердің арасындағы дауға араласа алмайтыны туралы уәжінен танбайды. Банк өкілдері заң аясында талап қойып отырғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG