Accessibility links

АҚШ-та дауылдан 12 адам мерт болды


Көрнекі сурет.
АҚШ-тың оңтүстігіндегі Арканзас және Оклахома штаттарында дауыл тұрып, 12 адам қайтыс болды.

Арканзас штатының Литл-Рок қаласы маңында 28 сәуірге қараған түнгі дауылдан 11 адам қаза тапты. Осы штаттың Велони қаласының мэрі Джеймс Файрстоун CNN-ге қалада табиғат апатынан соң дүрбелең туып, қала орталығы қатты зардап шеккенін хабарлаған.

Оклохома штатында соққан дауылдан бір адам мерт болған.

Құтқарушылар зардап шеккен елді мекендерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG