Accessibility links

Павлодарлық тұрғын "терроризм" айыбымен сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Павлодар қалалық 2-соты қала тұрғыны Есембаевты "діни араздықты қоздырмақ болды және терроризмді насихаттады" деп айыптап, алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті деп хабарлайды жергілікті ақпарат агенттіктері.

Павлодар қалалық прокуратурасының хабарлауынша, Есембаев 2004-2008 жылдары Сирияда тұрған кезінде діни университетте оқып, "ислам қоғамын құру туралы діни-жиһадшыл идеяны қабылдаған. "Қазақстанға оралған соң Есембаев "тұрғындарды бір-біріне "мұсылман-кәпір" деп қарсы қойды, радикалды идеяларды насихаттап, қарулы жиһадқа шақырды" дейді прокуратура.

Есембаев қылмыстық кодекстің 164-бабының 1-тармағы ("жария түрде діни алауыздықты, жаулықты қоздыруға бағытталған қасақана әрекет жасау") және 233-бабының 1-тармағы ("терроризмді, экстремизмді насихаттау, терроризм, экстремизм актісін жасауға жария түрде шақыру") бойынша айыпты деп танылған.

Сот оны жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтеуге үкім еткен.
XS
SM
MD
LG