Accessibility links

Харьковтің жараланған мэрі Израильде емделмек


Харьков мэрі Геннадий Кернес.
Харьков мэрі Геннадий Кернес.
Харьков қаласының мэрі, 28 сәуірде қастандықтан ауыр жараланған Геннадий Кернесті емдеу үшін Израильге әкетті. УНИАН агенттігінің хабарлауынша, бұл жайында Харьков қалалық кеңесінің қоғаммен байланыс және бұқаралық коммуникация департаментінің жетекшісі Юрий Сидоренко мәлімдеген.

Оның айтуынша, Израиль дәрігерлері Харьковке 29 сәуірге қараған түні барған. Израиль мамандары украиндық дәрігерлер Кернестің денсаулығын бірқалыпты сақтап қалуда дұрыс қадам жасады деп ұйғарған. Әзірге оның халі жақсармаған.

Бірақ Сидоренко Геннадий Кернестің нақты қандай ауруханада емделетінін айтпаған.

28 сәуірде Геннадий Кернеске ту сыртынан белгісіз біреулер оқ атып, ауыр жараланған ол ауруханаға түскен еді. Кернеске операция жасаған хирургтің айтуынша, оның өміріне әлі қауіп төніп тұр.

Кейбір ақпараттарға қарағанда, Кернесті снайпер мылтығымен атқан.

Қастандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалған.
XS
SM
MD
LG