НАТО бас хатшысының орынбасары, америкалық Александер Вершбоу "Солтүстік-атлант одағы Ресейді қарсылас санауға мәжбүр екенін" айтты. Вершбоу мұны Вашингтонда журналистер алдында мәлімдеді.
Ол "Ресейдің НАТО-ны жау деп жариялағаны айдан анық. Енді біз де Ресейді әріптес емес, қарсылас санауға мәжбүрміз" деді.
2001-2005 жылдар аралығында АҚШ-тың Ресейдегі елшісі болған Вершбоудың айтуынша, "Ресейдің Қырымды аннексиялауы және Кремльдің Украинаның шығысындағы әрекеттері НАТО-ның бұл елге деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен".
Ол "Шығыс Еуропадағы қауіпсіздікті сақтау мәселелерінде Ресей мен НАТО көзқарастарының алшақтап кеткенін" айтты. "Біз Ресейдің көршілерінің тәуелсіздігі мен азаттығын қорғаймыз, ал Ресей бұл аймақтағы гегемониясын қалпына келтіруге, бұл елдердің егемендігін шектеуге тырысып отыр. Ондағы сылтауы - "орыс әлемін қорғау" дейді Вершбоу.
2014 жылдың сәуір айында НАТО Украинадағы агрессиялық әрекеттеріне байланысты Ресеймен азаматтық, саяси ынтымақтастықты тоқтатты.