Accessibility links

Белсенділер: Киевте арандатушылық болуы мүмкін


Киев, Украина. 30 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Киев, Украина. 30 сәуір 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Киевте Майдандағы қоғамдық іс-шараларды үйлестірушілер арандатушылық қаупі мен "үкімет үйлерін басып алу әрекеттері болуы мүмкін" екенін ескертіп, тұрғындарды жаппай шерулерге шықпауға шақырды.

Майдан ақпарат орталығының хабарлауынша, Майдандағы бүгінгі акцияны ұйымдастырып отырғандар "белгісіз адамдар" және олар "шеруге шығуға шақыратын хабар таратқаны үшін ақша алады".

Майдан белсендісі, әнші Руслана Лыжичко да жиынды кім ұйымдастырғаны белгісіз болғандықтан Киев тұрғындарын алаңға шеруге шықпауға шақырды.
XS
SM
MD
LG