Accessibility links

Украина әскері Мариуполь мэриясын босатты


Мариуполь қаласының мэриясы. (Көрнекі сурет)
Мариуполь қаласының мэриясы. (Көрнекі сурет)
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина әскері сепаратистермен түнімен болған ауыр ұрыстан кейін Мариуполь қаласының мэриясын қайтарып алған.

Украинаның "5 канал" теларнасының хабарлауына қарағанда, Украина ұлттық гвардиясы мэрия ғимаратын босатқан. Қарулы сепаратистер ғимараттан көшеге қашып шыққан. Олар бұдан соң қаладағы негізгі көшені жауып тастап, ескі көлік дөңгелектері мен бір троллейбусті өртеп, қала ішін түтін қылып жіберген.

7 мамыр күні таңға жуық қаладағы көше қозғалысы қалпына келтірілген.
XS
SM
MD
LG