Accessibility links

Ресей: АҚШ пен Канадаға жауап болады


Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Лукашевич.
Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Лукашевич.
АҚШ пен Канаданың ресейлік ресми тұлғалар мен компанияларға енгізген санкциялары жауапсыз қалмайды деп мәлімдеді бейсенбі күні Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі Александр Лукашевич.

Оның айтуынша, кезінде заңгер Сергей Магнитскийдің қазасына байланысты АҚШ тарапынан салынған қаржы және виза санкцияларына жауап ретінде Мәскеу дереу америкалық жоғары лауазымды шенеуніктердің «қара тізімін» жасаған. Ал Ресейдің Қырымды өзіне қосып алуына байланысты АҚШ енгізген санкциядан кейін іле-шала Ресей 20 наруыз күні өз тізімін шығарды. Одан соң Канаданың санкциясына да Ресей жауап шараларын жариялады деп атап өтті Лукашевич.

Ресейлік дипломаттың айтуынша, алдағы уақытта Ресейдің тізімі толықтырылып отырмақ.

«Ресейлік тізімге жаңадан қосылғандардың аты-жөні көпшілікке жарияланбайды, бірақ оған енгендер бұл туралы визаға өтініш берген кезде білетін болады» деп мәлімдеген Ресей сыртқы істер министрлігінің өкілі.
XS
SM
MD
LG