Accessibility links

Вьетнам мен Қытай арасы шиеленісіп барады


Мемлекеттік ту ұстап шеруге шыққан Вьетнам азаматтары. (Көрнекі сурет)
Мемлекеттік ту ұстап шеруге шыққан Вьетнам азаматтары. (Көрнекі сурет)
Вьетнам билігі 11 мамыр күні Қытаймен арадағы даулы теңіз суларында мұнай платформаларының пайда бола бастауына байланысты Ханойдағы Қытай елшілігі алдында жүздеген адамның наразылық шеруін өткізуіне рұқсат етті.

France Press және Associated Press агенттіктерінің хабарлауынша, ел билігі қоғамдық жиынды бақылап отыратындықтан, Въетнам үшін мұндай демонстрация сирек кездесетін құбылыс саналады.

Ханоймен бірге елдің бірнеше қаласында да наразылық акциялары болды.

Вьетнам мен Қытай Оңтүстік Қытай теңізі акваториясының бір бөлігін бөлісе алмай келеді.

1 мамыр күні Пекин даулы теңіз суларында мұнай платформаларын орнатуды бастаған еді. Оның соңы екі ел қарым-қатынасының нашарлап, мемлекетаралық қақтығыс туындап кету қаупін тудырған.
XS
SM
MD
LG