Accessibility links

Сепаратистер "референдум" нәтижесін жариялай бастады


Донецкідегі дауыс
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:00 0:00

ВИДЕО: Донецкідегі «референдум» нәтижесі жарияланды.

Украинаның Донецк облысындағы сепаратистер аймақтың мәртебесі туралы "референдумда" дауыс бергендердің 89,7 пайызға жуығы "өзін-өзі басқаруды қолдағанын" хабарлады. Ресейшіл белсенділердің сөзінше, 11 мамыр күні өткен дауыс беруге сайлаушылардың 75 пайызы қатысқан.

Жексенбі, 11 мамыр күні Луганск облысында да дәл осындай "референдум" өткен. Бірақ оның қорытындысы әзірге жарияланған жоқ. Екі облыстағы "референдумға" бір де бір халықаралық бақылаушы қатыспады.

Донецк облысындағы бүлікшілер жетекшісі Денис Пушлин "енді жеке үкімет пен әскери құрылым құру қажет" екенін айтты. Өзін-өзі Донецкінің "халық губернаторы" деп жариялаған Павел Губарев ресейлік телеарнаға "референдум" Украинаның шығысында "Жаңа Ресей" мемлекетін құрудың алғашқы қадамы ғана екенін мәлімдеген.

Донецк мен Луганск облыстарындағы "референдум" қорытындысын Украина билігі мен Батыс елдері заңсыз деп танып, оны қолдаған жоқ.
XS
SM
MD
LG