Қазақстанның тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Ресейде өндірілген консервіленген сиыр етін сатуға тыйым салды.
Агенттіктің хабарлауынша, Ресейдің "Орелпродукт" компаниясы өндіретін сиырдың бауыр етінен жасалатын паштет Кеден Одағының техникалық регламентінің тамақ өнімдерін таңбалау туралы талаптарына сай келмегендіктен оны сатуға тыйым салынған. Бұдан өзге, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама кезінде аталған тауардан шошқа ДНК-сы табылған.
Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі Ресейдің Адыгей республикасынан шығатын "Чечил" ірімшіктерін де Кеден Одағының талаптарына сай емес, яғни таңбалануы, шығырылған жері көрсетілмеген деп тауып бұл тауарды сатуға да тыйым салған.
Бұған қоса агенттік Ресейдің "Роспотребнадзор" мекемесінің нұсқауымен Перуде өсірілетін жүзімнің құрамында метомил пестициді шектік мөлшерден жоғары болуы себепті оны сатуға тыйым салғанын хабарлады.