Ресей үкіметі Украина билігі ресейшіл сепаратистермен Украинаның шығысындағы өзін-өзі басқару туралы «референдум» нәтижелеріне қатысты келіссөздер жүргізуі тиіс деп мәлімдеді.
12 мамырда Кремльдің баспасөз қызметі Украинаның Донецк және Луганск облыстарында 11 мамыр күні өткен аймақ мәртебесі туралы «референдумда» білдірген «өз қалау еркіндіктерін құрметтейтінін», дауыс беру қорытындысы «өркениетті түрде іске жаратылуы қажетін» мәлімдеді.
Украинаның шығысында «референдум» ұйымдастырып, өзін-өзі билік өкілдері ретінде жариялаған сепаратистер дауыс беруге сайлаушылардың көпшілігі қатысқанын және дауыс бергендердің басым көпшілігі екі облыстың "өзін-өзі басқаруын қолдағанын" мәлімдеп жатыр.
«Референдумды» Украина билігі мен Батыс елдерінің ешқайсысы мойындаған жоқ. Дауыс беру процесіне халықаралық я шетелдік бір де бір бақылаушы қатыспады.
Ақпарат құралдары «референдум» кезінде балалардың дауыс беруі, бір адамның бірнеше рет бюллетень салуы сияқты заң бұзушылықтар болғанын хабарлады.
Ресей президенті Владимир Путин өткен аптада «референдумды» кейінге қалдыруға шақырған. Бірақ Украинаның шығысындағы сепаратистер ол ұсынысты қабылдамаған.