Accessibility links

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы АҚШ пен Еуропа Одағын (ЕО) Өзбекстан үкіметін бұдан тоғыз жыл бұрын Әндіжанда болған қырғынға тәуелсіз, халықаралық тергеу жүргізуге рұқсат беруіне көндіруге шақырды.

Вашингтондағы ұйым 2005 жылы 13 мамыр күні Әндіжанда болған қырғынға тоғыз жыл толуына орай арнайы мәлімдеме жасады.

HRW Әндіжан қырғынынан бері тоғыз жыл өтсе де, Өзбекстан билігі тәуелсіз тергеу жүргізу ұсыныстарынан бас тартып отырғанын айтады.

Ұйымның Орталық Азия бойынша өкілі Стив Свердловтың сөзінше, "Әндіжан қырғыны мен одан кейінгі қуғындаудың бұлты өзбекстандықтардың басынан әлі арыла қойған жоқ".

2005 жылы 13 мамыр күні Әндіжан қаласында алаңға талап айтып шыққан жұртқа өзбек полициясы оқ атып, ресми дерек бойынша 187 адам қаза тапқан. Сол күні Әндіжан қаласындағы Бабыр алаңында билік "акрамистер" деген айып тағып, тұтқынға алынған 26 бизнесменді қорғауды көздеген митинг өткен еді. Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған "Акрамия" қозғалысының жақтастары" деп мәлімдеген.

Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде де талаптар қойған еді.

Оқиғаға куә болғандар мен құқық қорғау ұйымдары қырғында қаза тапқандар саны ресми есептен әлдеқайда көп екенін айтады.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG