Accessibility links

Обама мен Олланд Ресейге қарсы санкцияларды талқылады


Франция президенті Франсуа Олланд пен АҚШ президенті Барак Обама.
Франция президенті Франсуа Олланд пен АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама мен Франция президенті Франсуа Олланд телефонмен әңгімелесіп, онда екі ел басшылары "егер Ресей Украинадағы арандату әрекеттерін жалғастыра берсе, қосымша санкциялар салынатынын" айтқан. Бұл туралы Ақ үй жұма күні хабарлады.

Обама "Украина үкіметінің әділ сайлау арқылы (25 мамыр) халық бірлігін нығайту үшін жасап жатқан жұмысына" ризашылық білдірген. АҚШ президентінің айтуынша, "Бұл сайлау - Украинадағы конституциялық реформаның басы".

Екі ел басшылары Нигериядағы жағдай мен 17 мамыр күні Парижде өтетін, "Боко Харам" тарапынан шығып жатқан терроризм қаупімен күрес мәселелері сөз болатын конференцияны да талқылаған.
XS
SM
MD
LG