Accessibility links

Петербургте жыныстық азшылық шеруі өтті


ЛГБТ шеруі. Санкт-Петербург, 1 мамыр 2014 жыл.
ЛГБТ шеруі. Санкт-Петербург, 1 мамыр 2014 жыл.
ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал, трансгендер) флешмобына белсенділер "Махаббат жамандық ойламайды" ("Любовь не мыслит зла"), "Махаббат жауыздықты жеңеді" ("Любовь побеждает ненависть") деген плакаттар ұстап шықты. Санкт-Петербургте мұндай шара жыл сайын өтеді.

1990 жылы мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) гомосексуализмді психикалық ауытқулар қатарынан шығарып тастады. Содан бері ЛГБТ акциялары әлемнің барлық елдерінде өтіп келеді. Ресейде жыныстық азшылық өкілдерінің бұл шарасы 1998 жылдан бастап дәстүрге айналды. Осы жылы Ресей науқас түрлерінің халықаралық тізімін қабылдаған еді. Яғни Ресейде гомосексуализм 1998 жылдан бері сырқат деп саналмайды.

Бүгін Петербургте өткен флешмобқа 200-дей адам қатысты. Қақтығыс та болмай қалмады. ЛГБТ қауымына қарсылар оларға жұмыртқа лақтырды. Жұмыртқа лақтырушылардың кейбірі Ресей туын ұстап, Георгий лентасын тағып алған.

Шеру өткен алаңда ЛГБТ өкілдерін 200-дей арнайы жасақ тексерді. Жасақ оларды агрессивті радикалдардан қорғап тұрды.

Шараға қатысушылар аспанға жүздеген түрлі-түсті шар ұшырып тарқасты. Бірақ метрода жыныстық азшылық өкілдеріне шабуыл жасалды. Төбелесті полиция ажыратты. Бір ЛГБТ өкілі, бір шабуылдаушы ұсталды.
XS
SM
MD
LG