Accessibility links

Түркияда апатқа қатысты 25 адам ұсталды


Құтқарушылар жаралы кеншіні шахтадан шығарып жатыр. Сома, Түркия,14 мамыр 2014 жыл.
Құтқарушылар жаралы кеншіні шахтадан шығарып жатыр. Сома, Түркия,14 мамыр 2014 жыл.
Түркияның Сома қаласында өткен аптада көмір шахтасында болған апатқа байланысты "қызметіне немқұрайлы қарады" деген күдікпен 25 адам ұсталды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, ұсталғандардың арасында шахтаны игеруші компанияның басшылары, оның ішінде шахтаның бас менеджері мен өндірісті басқарушы директоры бар. Сот олардың үшеуін қамауға алған. Олардың аты-жөні әзірге белгісіз.

13 мамыр күні Сома қаласында шахтадағы жарылыс пен өрт болып, 301 адам құрбан болған еді. Апат орнындағы құтқару жұмыстары 17 мамыр күні аяқталған. Түркия тарихында шахтада мұндай ауқымдағы апат бұрын-соңды болмаған.

Билік өкілдері мен кеніш басшылығы апат немқұрайдылықтан болмағанын, шахтада ұдайы тексеру жасалып тұрғанын айтады.
XS
SM
MD
LG