Accessibility links

Нигерияда жарылыстардан 118 адам мерт болды


Исламшыл "Боко Харам" тобының видеосынан скриншот. (Көрнекі сурет|)
Исламшыл "Боко Харам" тобының видеосынан скриншот. (Көрнекі сурет|)
Нигерияның Джос қаласында 20 мамыр күні болған екі жарылыстан кемінде 118 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық агенттіктің хабарлауынша, адам қарасы мол базар маңында қаза тапқандардың денелері үйінді астынан шығарылып алынған.

Бұған дейін жарылыстардан қаза тапқандар саны 46 адам деп айтылған еді. Үйіндіні аршу жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін.

Әскерилердің дерегі бойынша, базар жанына қойылған микроавтобус пен жүк көлігіне жасырылған қолдан жасалған бомбалар жарылған.

Бұл жарылысқа басты күдікті ретінде исламшыл "Боко Харам" тобы аталып отыр.
XS
SM
MD
LG