Accessibility links

Апелляциялық сот ефрейтор шағымын қанағаттандырмады


Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.
Бұрынғы әскери қызметкер Шұғыла Пірәлиева. Алматы, 19 мамыр 2014 жыл.
Қазақстан әскери сотының апелляциялық алқасы 22 мамырда авиация бөлімінде жалдамалы әскери қызмет атқарып, жұмысына қайта тұруға тырысып жүрген ефрейтор Шұғыла Пірәлиеваның шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Судья Әділхан Ағыманов Алматы әскери гарнизонының Алматы облысының Жетіген кентінде орналасқан авиация бөлімі басшылығының Пірәлиевамен жасалған келісім-шартты ұзартудан бас тарту шешімін заңды деп тапқан шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Судья Ағыманов "Пірәлиев әуелде сотқа алғаш берген талап-арызын дұрыс жазбағандықтан" шағымды қараудан бас тартқанын айтады. Судья Пірәлиев шағымда 2006 жылғы келісім-шарт туралы жазған, ал сотта 2009 жылы жасалған келісім-шартқа шағымданатынын айтты дейді.

Жетіген кентіндегі №65229 әскери бөлімнің жалдамалы қызметкері Шұғыла Пірәлиеваны жұмыстан 2012 жылдың қарашасында шығарған. Ол «жұмыстан заңсыз шығарды» деген уәжбен сот арқылы қызметіне қайта тұруға тырысып жүр. Оның ісі бір рет жоғарғы сотқа дейін жеткен.

Енді ол екінші мәрте соттасып жатыр, апелляциялық алқаның шешіміне шағымдану ниеті жоқ. Ол соттың алғашқы инстанциясына енді үшінші рет шағым беріп, 2009 жылы әскери бөлім басшылығымен келісім-шарт бес жылға емес, үш жылға заңсыз түрде жасалғанын дәлелдеуге тырысады.
XS
SM
MD
LG