Accessibility links

МАГАТЭ: Иран ядролық келісімді сақтап отыр


Ирандағы МАГАТЭ инспекторлары.
Ирандағы МАГАТЭ инспекторлары.
Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ Венада "Иранның ядролық энергияны пайдалану бойынша алты державамен жасасқан келісімдерін сақтап отырғанын" мәлімдеді. МАГАТЭ мәліметі бойынша, Иран қаңтар айынан бері жоғары байытылған уран қорын 80 пайызға, яғни ядролық қару жасауға жетпейтіндей мөлшерде қысқартқан.

МАГАТЭ бұдан бөлек, Иранның ядролық бағдарламасын ашық көрсетіп шыққанын мәлімдеді. Иран агенттікке сынақтан өткізген детонаторы туралы толық ақпарат берген және оның азаматтық мақсаттарға қажет екенін дәлелдеген.

Алайда МАГАТЭ Иран ядролық бағдарламасының әскери бөліктері болуы мүмкін деген күдіктің әлі толық жойылмағанын айтады. Осы ретте агенттік Ираннан Парчинде салынып жатқан ядролық нысанға кіруге рұқсат сұрады.
XS
SM
MD
LG