24 мамыр күні Иранда "алаяқтығы" үшін өлім жазасына кесілген миллиардердің үкімі орындалды.
Оған Иран мемлекеттік банкінен жалған құжатпен 2 миллиард 600 мың доллар несие алу ісіне қатысты айып тағылған.
Иран мемлекеттік телеарнасы 24 мамыр күні Махафарид Амир Хосравидің (екінші аты - Амир Мансур Арии) өлім жазасы үкімінің Тегеран маңындағы Эвин түрмесінде таң ата орындалғанын хабарлады.
Хосровидің адвокаты оның өлім жазасы орындалатыны туралы ешқандай ескерту алмағанын айтады. Мемлекеттік телеарнаның хабарлауынша, Хосравидің үкімін Иран жоғарғы соты қайта қарағанымен, өлім жазасы берілген алдыңғы шешімді күшінде қалдырған.
Хосравиді сот Ирандағы Saderat ірі қаржы орталығынан жалған құжат жасап, несие алды деп айыптаған. Ол бұл несиені мемлекеттік компаниялардың активтерін сатып алуға жұмсаған. Бұл іс бойынша тоғыз адамға үкім шықты. Оның төртеуіне өлім жазасы берілді. Екеуі өмір бойы түрмеде отыруға кесілді. Қалғандары 25 жылға дейінгі әртүрлі мерзімге сотталды.