Египет азаматтары бүгін президент сайлауына екінші, соңғы күн дауыс береді. Сайлау демократиялық жолмен сайланған алғашқы президент Мұхаммед Мурси биліктен кетірілгеннен кейін бір жылға жуық уақыттан соң өтіп жатыр. Мурси өз билігіне қарсы жаппай наразылық толқуларынан соң биліктен кетірілген еді.
Сайлауда Мурсиді биліктен шеттеткен төңкерісті басқарған бұрынғы генерал Абдел Фаттах әл-Сиси жеңіске жетеді деген болжам айтылып отыр. Оған бәсекелес кандидат болып солшыл саясаткер Хамдин Сабахи сайлауға түсіп отыр.
Египетте президент сайлауы экономиканың дағдарысқа ұшырап, зорлық-зомбылықтың күшейген кезінде өтіп жатыр. Әл-Сисидің жақтастары оны Египеттің жағдайын оңалта алатын бірден-бір адам деп санайды.
Қарсыластары әл-Сисиді әскери төңкеріс жасап, исламшыларды басып-жаншыды, оның салдарынан Мурсидің жүздеген жақтасы қаза тауып, мыңдаған адам түрмеге жабылды деп айыптайды.
Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының дерегі бойынша, Египеттегі саяси диссиденттер мен қамалған исламшылдар саны 20 мың адамнан асады.