Accessibility links

Донецк әуежайындағы шайқас


Донецк әуежайындағы шайқас
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:58 0:00
Жүктеп алу

26 мамыр күні Украина әскері өзін өзі жариялаған «Донецк халық республикасы» сепаратистері басып алған Донецк халықаралық әуежайына әуеден соққы берді. Қаза тапқандар туралы ақпарат бар, бірақ нақты қанша адам мерт болғаны белгісіз. Донецк мэрі Александр Лукьянченко қала тұрғындарын аса қажеттілі тумаса, өз тұрғын-жайларынан шықпауға шақырды. Алдын ала ресми нәтиже бойынша, жексенбіде өткен Украина президентінің кезектен тыс сайлауында жеңіске жеткен Петр Порошенко елдің шығысындағы арнайы операцияны жалғастыруды қолдайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, арнайы шара «тиімді әрі қысқа мерзімде» жүргізілуі тиіс.

XS
SM
MD
LG