27 мамыр күні кешкісін астаналық полицейлер парламент ғимаратына келіп, депутаттарға өз үйлерін сүріп тастамау және жер учаскелерін алып қоймау туралы өтініш тапсырмақ болған бес әйелді ұстап әкетті. Олардың кейбірін полиция сол күні таңертең де бір мәрте уақытша қамауға алған. Ол кезде парламентке бет алған астаналық 12 тұрғын балаларымен бірге ұсталған.
Наразы тұрғындардың бірі Сандуғаш Серікбаева полициядан босап шыққасын парламент ғимаратының алдына жиналған өзге жерін даулаушыларға қосылғанын, сол жерде қайта ұсталып, полиция бөлімшесіне түскенін айтады.
"Қол-аяғым, арқам көгеріп қалды. Бізді парламент ғимаратынан күшпен итеріп шығарды. Депутаттардан біреу шығар ма екен деп күтіп қана тұрғанбыз" деді Азаттыққа Сандуғаш Серікбаева.
Астана полициясының баспасөз қызметі Азаттыққа бұл адамдар "болған жайды анықтау үшін және түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін" полиция бөліміне түскенін айтты.
Ұсталғандардың сөзінше, оларды полиция ешбір себепсіз уақытша қамауға алып, қандай да бір хаттама толтырмаған.
Астаналықтардың бұл тобы "мемлекет мұқтаждығы үшін" тартып алынып жатқан жер учаскелерінің иелері. Олар үйлерінің сүрілуіне және учаскелерінің алынуына қарсы.