Accessibility links

"Қырғызалтын" компаниясы басшысы ұсталған


"Қырғызалтын" компаниясының басшысы Дилгер Жапаров.
"Қырғызалтын" компаниясының басшысы Дилгер Жапаров.
Қырғызстанда алтын өндіретін мемлекеттік "Қырғызалтын" компаниясының басқарма төрағасы Дилгер Жапаров "қаржылық алаяқтық жасады" деген күдікпен ұсталды.

Прокуратура өкілінің Азаттыққа хабарлауынша, Дилгер Жапаров 28 мамырда ұсталған. Бүгін, 30 мамырда сот оны қамауға алу-алмау мәселесін шешуі тиіс.

Тергеу орындарының дерегінше, Дилгер Жапаров 2013 жылы желтоқсанда "Қырғызалтынның" есеп-шотынан елдегі ең ірі "Құмтөр" алтын кенішін игеріп жатқан канадалық Centerra Gold компаниясының шотына 200 миллион АҚШ долларын заңсыз аударған.

Жапаров бұл қаржы канадалық компанияға дивидент ретінде төленгенін айтады. Бірақ билік "төлем үкіметтің мақұлдауымен жасалуы тиіс" дейді.

Қырғызстан үкіметі "Қырғызалтын" арқылы Centerra Gold-тың 33 пайыз акция пакетіне иелік етеді.
XS
SM
MD
LG