Accessibility links

Қытайда "Манасты" жырлайтын қария дүние салды


Қырғыздың "Манас" жырын жатқа айтатын жыршы Жүсіп Мамай.
Қырғыздың "Манас" жырын жатқа айтатын жыршы Жүсіп Мамай.
Қытайдың Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында қырғыздың ежелгі "Манас" жырын жатқа айтатын 96 жастағы атақты қария Жүсіп Мамай дүние салды.

Жүсіп Мамай 1 маусым күні Шыңжаңның Қызылсу-Қырғыз автономиялық префектурасының Ақши ауданында қайтыс болған. Ол 2 маусым күні жерленді. Жыршыны жерлеу рәсіміне Қырғызстан президенті кеңсесінің басшысы бастаған қырғыз делегациясы барды.

Өткен аптада Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Жүсіп Мамайға "Қырғыздың ұлттық батыры" атағын беріп, "Ақ Шумкар" орденімен марапаттаған еді.

"Манас" эпосы - қырғыз халқының ең құнды, осы күнге дейін сақталып қалған ұлттық мұрасы. "Манас" әлемдегі ең ұзақ эпостық жыр саналады, оны Гомердің "Илиада" және "Одиссейімен" салыстырады.

Шыңжаңның Қызылсу-Қырғыз префектурасында 300 мыңға тарта этникалық қырғыз тұрады.
XS
SM
MD
LG