Accessibility links

Славянскіде жаңа ұрыс болды


Славянск маңында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 27 мамыр 2014 жыл.
Славянск маңында жүрген ресейшіл сепаратистер. Украина, 27 мамыр 2014 жыл.
Славянск қаласының маңында 3 маусым күні ресейшіл сепаратистер мен украин әскерилері арасында жаңа қақтығыс болды. Украина қорғаныс министрлігі өкілі Владислав Селезневтің айтуынша, ұрыс кезінде екі әскери қызметкер қаза тауып, 42-сі жараланған. Ол сепаратистерден қаза тапқан және жараланған адамдар саны 300-ге жетеді дейді. Бірақ бұл ақпаратты әзірге өзге тәуелсіз дереккөздерінен анықтау мүмкін болмай тұр.

Украина бас прокуратурасы бұған дейін сәуірде елдің шығысында "террористік әрекеттерден" 181 адам қаза тапқан (59-ы әскери) деп хабарлаған еді.

2 маусым күні Луганскіде сепаратистер шекара қызметі әскери бөліміне шабуыл жасап, екі жақ арасында бір тәулікке жуық уақыт атыс болған. Осы күні Луганск облыстық әкімшілік ғимаратында жарылыс болып, сегіз адам қаза тапқан. Сепаратистер жарылыс украин әскерінің әуеден соққы беруінен болды десе, Украина әскери басшылығы сепаратистер ғимаратты зениттік кешеннен өздері атқан дейді.
XS
SM
MD
LG