Accessibility links

Қазақстанда АЭС құрылысы 2018 жылы басталуы мүмкін


АЭС құбыры. (Көрнекі сурет)
АЭС құбыры. (Көрнекі сурет)
Қазақстанда атом электр станциясын құрылысын салуды 2018 жылдан бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев Курчатовта өткен атом энергетикасы туралы конференцияда хабарлады.

Өткен аптада "Қазатомпром" мен "Росатом" компаниялары Қазақстандағы Курчатов қаласында бірлесіп АЭС салу туралы келісімге қол қойған еді. Жақсалиевтің айтуынша, енді алдағы 2-3 жылда АЭС салуға қатысты барлық жұмыс жоспары түзіліп, зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Бұдан соң қажетті қаржы көлемі анықталып, 2018 жылға қарай құрылысы басталмақшы.

Ол болжаммен АЭС-тен алғашқы энергия 2023-2024 жылдары алынуы мүмкін екенін де айтты.

29 мамыр күні Астанада қол қойылған келісім бойынша, Қазақстанда қуаты 300-ден 1200 мегаваттқа дейін жететін АЭС салу жоспарланған. Бірақ кейбір қазақстандық және шетелдік экологтар мұндай мұқтаждық жоқ екенін айтады.
XS
SM
MD
LG