Accessibility links

АҚШ Ресейді жікшілдерді қарусыздануға көндіруге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Украинадағы дағдарыс неғұрлым тезірек аяқталып, АҚШ-тың Ресейге жаңа санкциялар салмауына мүмкіндік туар деп үміттенеді.

7 маусым күні Францияда журналистер алдында сөйлеген сөзінде Керри Украинада жікшілдер әрекет етіп жатқан аймақтарда «атысты тоқтату» тәртібін енгізуге, сонымен бірге Ресейдің сепаратистерді қаруларын тапсырып, басып алған ғимараттарды босатуға көндіре алатындығына мүмкіндіктер барын айтқан.

Сенбі күні Киевте Украинаның жаңадан сайланған президенті Петр Порошенконы ұлықтау рәсімі өткен еді.

Бұған дейін батыс мемлекеттері егер Мәскеу Украинадағы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіріп жатқан басқа елдермен ынтымақтастықтан бас тартып, сындарлы шешім қабылдауға ыңғай танытпаса жаңадан салынатын санкциялар Ресей экономикасының тұтас салаларын қамитыны жайлы ескерткен еді.
XS
SM
MD
LG