Accessibility links

Карачидегі шабуылды "Талибан" мойнына алды


Карачи әуежайындағы шабуылдан кейінгі түтін. Пәкістан, 9 маусым 2014 жыл.
Карачи әуежайындағы шабуылдан кейінгі түтін. Пәкістан, 9 маусым 2014 жыл.
Пәкістанның Карачи қаласында әуежайға жасалған шабуылды "Талибанның" пәкістандық қанаты - "Техрик-е-Талибан" тобы мойнына алды.

Дүйсенбіге қараған түні елдегі ең ірі Карачи әуежайына ауыр қару-жарағы бар топ шабуыл жасап, 26 адам қаза тапқан еді. Мерт болғандар арасында әуежайдың 11 қызметкері мен төрт бейбіт тұрғын бар. Кемінде 10 содырдың көзі жойылғаны туралы хабарланды.

Қауіпсіздік күштері мен содырлар арасындағы атыс алты сағатқа созылып, таңға дейін ұласты. Содырлар әуежай қауіпсіздік қызметкерлері сияқты киініп, жарылғыш заттар тағынып алған.

Азаттықтың Пәкістан редакциясының хабарлауынша, "Техрик-е-Талибан" өкілі бұл шабуылды былтыр АҚШ-тың пилотсыз ұшақ шабуылынан қаза тапқан жетекшілері Хакимулла Мехсудтың өліміне кек қайтару үшін жасағандарын айтқан.
XS
SM
MD
LG