Accessibility links

Сан-Паулуда наразылық шеруін күшпен таратты


Сан-Паулудағы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтетін "Арена Коринтианс" стадионы, Бразилия. (Көрнекі сурет)
Сан-Паулудағы футболдан әлем чемпионатының ашылу салтанаты өтетін "Арена Коринтианс" стадионы, Бразилия. (Көрнекі сурет)
Бразилияның Сан-Паулу қаласында полиция метро қызметкерлерінің ереуілін қолдап шеруге шыққандарды тарату үшін көзден жас ағызатын газ шашты. Метро қызметкерлерінің ереуілінен қалада футболдан әлем чемпионатының басталуына үш күн қалғанда транспорт қозғалысы тоқтап қалған еді.

Демонстранттар метрополитеннің негізгі станциясы орналасқан ауданда полициямен қақтығысып, сосын қала орталығына қарай бет алған.

Ереуілдер басталғанына бес күн болған. Оны ұйымдастырушылар үкімет жалақыны өсіру туралы жұмысшылар талаптарын орындамайынша ереуіл жалғаса беретінін ескерткен.

Метро - Сан-Паулуде 12 маусым күні футболдан әлем чемпионатының ашылу шаралары және Бразилия мен Хорватия арасындағы алғашқы матч өтетін "Арена Коринтианс" стадионына апаратын басты көлік.
XS
SM
MD
LG