Accessibility links

УЕФА Блаттердің ФИФА-ны тағы басқаруына қарсы


ФИФА президенті Зепп Блаттер.
ФИФА президенті Зепп Блаттер.
Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен кездесуде УЕФА (Еуропа футбол ассоциациясы одағы) делегаттары ФИФА (Халықаралық футбол ассоциациясы) президенті Зепп Блаттерді келесі жылы қызметінен кетуге шақырды.

УЕФА басшылығының мүшесі Михаэль ван Прааг Зепп Блаттерге ол басшылық еткен тұста "ұйымның өзіне сеніп тапсырылған беделіне нұқсан келгенін" айтып, келесі президенттік сайлауына кандидатурасын ұсынбауға шақырды.

Голландия футбол федерациясының басшысы Михаэль ван Праагтың сөзінше, "жұрт ФИФА-ны коррупциямен және парақорлықпен байланыстыратын болған".

Ұлыбритания футбол федерациясының төрағасы Грег Дайк та Блаттердің ФИФА президенттігіне қайта сайлану ниетіне қарсылық білдірді.

78 жастағы Йозефф (Зепп) Блаттер ФИФА-ны 1998 жылдан бері басқарып келеді.

Қазір ФИФА "Катар 2022 жылы футболдан әлем чемпионатын өткізу құқығын осы ұйым мүшелерінен сатып алған" деген дауға қалып отыр.
XS
SM
MD
LG