Accessibility links

АҚШ: Әзербайжанда адам құқықтары ахуалы нашар


АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Томас Мелиа.
АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Томас Мелиа.
АҚШ мемлекеттік хатшысы орынбасарының көмекшісі Томас Мелианың айтуынша, Әзербайжандағы адам құқықтары ахуалы соңғы бес жылда ұдайы нашарлап келеді.

АҚШ Хельсинки комиссиясында сөйлеген мемлекеттік департамент өкілінің сөзінше, 2009 жылдың өзінде Әзербайжанда демократиялық реформаларды жақтаушыларға, әсіресе оппозициялық саяси партияларға қысым күшейген. Томас Мелиа "Бірақ соның өзінде үкіметтік емес ұйымдар мен тәуелсіз белсенділер жұмыс істей алатын. Өкінішке орай, содан бері жағдай одан бетер нашарлады" дейді.

Мемлекеттік департаменттің адам құқықтары және еңбек бюросында Еуропа, оның ішінде Ресей бойынша жұмыс істейтін Томас Мелиа "Әзербайжандағы саяси тұлғалардың үстінен жүрген сот процестері мен үкіметтік емес ұйымдарға қарсы заңдардың қабылдануын президент Ильхам Әлиев билігінің азаматтық қоғамды басып-жаныштауының көрінісі" деп бағалады.
XS
SM
MD
LG