Accessibility links

Бразилиядағы балалар акциясы


Бразилиядағы балалар акциясы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:34 0:00

11 маусым күні Рио-де-Жанейро жағажайында жүздеген бала мен ересектер жиылып, бала еңбегін қанауға қарсы символдың үлкен мозаикасын жасады. Акция Футболдан әлем чемпионаты ашылуға бір күн қалғанда өтті. Мозаика құрау үшін белгілі бір ретпен отырған балалар мен ересектер футболда ереже бұзғандарды ойыннан шығару үшін қолданылатын «қызыл қағазды» бала еңбегін қолданушыларға қарсы көтеріп, қарсылықтарын футболмен байланыстыра білдірді. Халықаралық еңбек ұйымы 12 маусымды Бала еңбегін қанаумен күрес күні деп 2002 жылы белгілеген. Ұйымдастырушылар ол күні әлем чемпионаты ашылатындықтан, акцияны бір күн бұрын өткізген. Халықаралық еңбек ұйымы мәліметінше, әлемде 168 миллион бала қара жұмысқа жегілген.

XS
SM
MD
LG