Accessibility links

Мәскеуде әлемдік мұнай конгресі ашылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Кремльде мұнай-газ саласы басшыларының Әлемдік мұнай конгресі ашылды. Конгрес үш жылда бір рет өтеді және ол бір аптаға созылады.

Биылғы конгресс Украинадағы дағдарысқа байланысты Ресей мен Батыс арасындағы текетірес жағдайында өтпек. Конгрестің маңыздылығына "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Ирак пен Левант ислам мемлекеті" ұйымының Ирактың бірқатар аймағын басып алып, мұнай бағасының қымбаттауы да себеп болып отыр.

Конгреске әлемнің 65 елінен бес мыңға таяу делегат қатыспақшы. Олардың арасында мұнай өндіруші ірі елдер ұйымы - ОПЕК-тің бас хатшысы Абдулла әл-Бадри, британиялық British Petroleum мұнай компаниясы басшысы Боб Дадли, ресейлік "Газпром", Роснефть" компанияларының басшылары бар.

16 маусым күні конгресте Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлемек.
XS
SM
MD
LG