Ирактың солтүстігінде "Ирак және Левант ислам мемлекеті" деп аталатын радикалды топ мүшелері Мосулдың батысынан 60 километр қашықтықтағы, негізінен этникалық түркімендер тұратын Тал Афар қаласын басып алды.
Қала тұрғындарының Reuters агенттігіне 16 маусым күні таңертең хабарлауынша, ауыр ұрыс пен адам шығынынан соң содырлар қаланы бақылауға алған.
Қала басшыларының бірінің айтуына қарағанда, ислам дінінің шииттік ағымын ұстанатын тұрғындар батысқа қарай, сүнниттер шығысқа қарай бас сауғалап қашқан.
Азаттықтың Ирак қызметі содырдар жексенбі күні Анбар провинциясындағы әл-Бағдади әскери базасын атқылағанын хабарлаған. Бұл күні Фаллуджа, Рамади және Герма қалаларында да ұрыс болған.
Үкімет өкілдері Ирак армиясы 15 маусым күні Бағдаттың солтүстігіндегі бірнеше қаланы, оның ішінде Салахеддин провинциясындағы Исхаки қаласын содырлардан қайтарып алғанын хабарлаған.