Accessibility links

Түрік оппозициясы президенттікке ортақ үміткер ұсынды


Түркиялық саясаткер Экмеледдин Ишаноглу.
Түркиялық саясаткер Экмеледдин Ишаноглу.
Түркиядағы оппозициялық басты екі партия биыл тамыз айында өтетін президент сайлауына ортақ бір кандидат шығару ниеті барын мәлімдеді.

Діни емес Республикалық халықтық партиясы мен оңшыл Ұлттық қозғалыс партиясының мәлімдеуінше, олар президенттікке Ислам конференциясы ұйымының бұрынғы бас хатшысы Экмеледдин Ишаноглудың кандидатурасын ұсынуға келіскен.

Ислам конференциясы ұйымы бас хатшысы қызметінен өткен жылдың соңында кеткен Ишаноглу ұсынысты "ризашылықпен және құрметпен" қабылдағанын білдірді.

Тамызда өтетін президент сайлауына премьер-министр Режеп Тайып Ердоған да түседі деген болжам бар. Бірақ оның Әділет және даму партиясы әзірге президенттікке кандидатын атаған жоқ. Тамыздағы сайлауда түркиялықтар алғаш рет президентті тікелей сайламақ.
XS
SM
MD
LG