АҚШ-та Қырғызстанның биліктен кетірілген бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ұлы Максим Бакиевтің бұрынғы серігі Евгений Гуревич бес жыл үш айға сотталды. Бруклиннің федералдық соты Гуревичті жиыны 6 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржы алаяқтығына (2012 жылы Facebook-тің акцияларын сатып алудағы алаяқтығы да бар) қатысы бар деп айыптап, 63 айға соттады.
Бұрынғы СССР-де туып-өскен, кейін АҚШ азаматтығын алған Гуревич Бішкектегі MGN Capital қаржылық тобының атқарушы директоры және Максим Бакиевтің жақын серігі саналады. Ол Қырғызстаннан экс-президент Құрманбек Бакиев биліктен қуылған 2010 жылдың сәуірінде билікке қарсы наразылық акциялар басталғанда кетіп қалған.
2011 жылы Бішкек соты Гуревичті коррупция айыбымен сырттай 15 жылға соттаған.