Accessibility links

Францияда ауыр науқастардың ажалына септескен дәрігер ақталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Францияда По қалалық соты айықпас дертке душар болған жеті адамға өлтіретін дәрі құйып, "кісі өлтірді" деп айыпталған дәрігер Николь Бонмезанды ақтау туралы шешім шығарды.

Францияда эвтаназия заңсыз саналатындықтан Николь Бонмезан "ерекше науқас адамдарды улады" деген айып бойынша кінәлі деп танылғанда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін болған. Дәрігер 2010 жылдың наурызынан 2011 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта бес ер адам мен екі әйелге өлтіретін дәрі еккен. Сотта дәрігердің әрекетін қолдап сөйлеген куәгерлердің арасында қайтыс болған науқастардың туыстары да болған.

Францияда бұл сотқа байланысты эвтаназия туралы дау қайта көтерілген. Өткен жылдың соңында президент Франсуа Оллланд эвтаназия мәселесіне байланысты арнайы сарапшылар тобын құрған еді.

XS
SM
MD
LG