"Ақпараттық қарсыласу" тобының жетекшісі Дмитрий Тымчук "Украинаның Донецк облысында ресейшіл сепаратистердің жолға жасырған бомбасы жарылып, украиндық екі сарбаз қаза тапты" деп хабарлайды. Жарылыстан 11 әскери қызметкер жараланған.
Украин әскерінің бронь техникасы Донецкінің Красная Заря елді мекенінде жарылған.
Тымчуктың дерегінше, Луганск облысындағы "Должанский" шекара пунктін атқылау кезінде бес Украина сарбаз жараланған. 10 шілдеге қараған түні сепаратистер украин әскері құрған бес тосқауыл бекетін атқылаған.
Луганск түбіндегі Металлист селосында да сепаратистер Украина әскерінің бекінісін "Град" қондырғысымен атқылаған.
Дмитрий Тымчук сепаратистерге қарсы операция жүріп жатқан аудандарда жағдай шиеленісіп тұрғанын, әсіресе Донецк, Горловка, Луганск, Антрацит, Северодонецк қалаларының кей аудандарында ахуал қиын екенін айтады.