Accessibility links

БҰҰ қызметкерлерін Триполи маңынан әкетті


Триполи қаласы орталығында көлікте отырған қарулы адамдар. (Көрнекі сурет)
Триполи қаласы орталығында көлікте отырған қарулы адамдар. (Көрнекі сурет)

Ливияда өзара дүрдараз исламшыл күштер арасындағы қарулы қақтығыстар үдеп отырғанына байланысты БҰҰ-ның Триполидегі өкілдіктерінде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар «басқа орынға» көшірілген. Бұл туралы БҰҰ-ның Ливиядағы өкілі хабарлаған, бірақ ол шетелдіктердің нақты қай жерге әкетілгені туралы ашып айтпады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, соңғы күндері Ливия астанасы маңындағы халықаралық әуежай үшін болған шайқастар барысында кемінде жеті адам қаз тапқан.

БҰҰ-дағы дереккөздері егер елдегі жағдай бұдан ары нашарлай берсе, өкілдіктерде жұмыс істейтін шетелдік азаматтар ұрыс болып жатқан аудандардан басқа жерге тағы көшірілуі мүмкін деп санайды.

БҰҰ-ның Ливиядағы миссиясында (UNSML) жұмыс істейтін 200-ге жуық жергілікті және шетелдік азаматтар Ливия үкіметіне елді ұзақ жыл билеген Муаммар Каддафи диктатурасының «мұрасын» еңсеруге жәрдемдеседі.

XS
SM
MD
LG