Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон осы елдің сыртқы істер министрі қызметіне Филипп Хаммондты тағайындады.
Соңғы үш жыл бойы қорғаныс министрі қызметін атқарған Хаммонд Еуропа Одағының қазіргі құрылымына сыни көзқарастағы саясаткер ретінде танымал.
Бұған дейін төрт жыл Форин-оффисті басқарып келген Уильям Хейг 15 шілде күні қызметінен кететіні туралы мәлімдеген еді. Хейг алдағы жылы мамыр айында өтетін сайлауға дейін қауымдар палатасының жетекшісі қызметінде қалады.
Премьер-министр Дэвид Кэмерон келер жылғы сайлауға дейін кабинет құрамында өзгерістер жүргізуді жөн көріп отыр.