Бүгін таңертең Кабул халықаралық әуежайына шабуыл жасалды деп хабарлады Ауғанстан ішкі істер министрлігі.
Әуежай маңынан жарылыстар мен атыстар естіліп, әскерилер мен азаматтық тұлғалар пайдаланатын терминалдан қошқыл түтін шығып жатқаны айтылады.
ІІМ-нің хабарлауынша, әуежайдағы салынып жатқан ғимаратты басып алған қарулы топ автоматтар мен гранатометтерден атқылаған. Ауғанстан қауіпсіздік күштері әуежай аумағын қоршауға алған. Құрбан болғандар туралы ақпарат әзірше түскен жоқ.
Кабул әуежайының қасында НАТО күштерінің әскери базасы орналасқан.
Бұдан бір күн бұрын Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясында базардағы террорлық жарылыстан ондаған адам мерт болған еді.