Accessibility links

Талғардағы сел


Талғардағы сел
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:37 0:00
Жүктеп алу

Алматы облысының Талғар ауданында сел жүрді. Селге күннің ыстығынан таудағы қар еріп, су мөлшері қалыпты жағдайдан үш есе көбейгені себеп болған. Селден Талғар қаласындағы өзен маңындағы көшелерде телефон бағаналары құлаған, саяжайлар зардап шеккен, «Радуга» лагерінің бірінші қабатын су алып кеткен. Полиция таудағы «Спутник» және «Маралсай» лагерьлерінде балалары демалып жатқан ата-аналарды да, үйлері мен бау-бақшалары селден зардап шеккен тұрғындарды да бөгеттен әрі өткізбеді. Талғар ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы «селден бүлінген жолдың кей жерлерін тазалау жұмыстары біткен соң өтуге болатынын» айтты. Алматы облысы Талғар ауданы, 18 шілде 2014 жыл.

Пікірлерді көріңіз (6)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG