Accessibility links

Сауалнама: АҚШ жұрты Ресейге секеммен қарайды


Манхэттендегі ғимараттардың бірі. Нью-Йорк, АҚШ. (Көрнекі сурет)
Манхэттендегі ғимараттардың бірі. Нью-Йорк, АҚШ. (Көрнекі сурет)

АҚШ тұрғындарының 80 пайыздан астамы Украинаның шығысында жолаушылар ұшағының құлауына тікелей немесе жанама түрде жауапкершілік Ресейге жүктеледі деп санайды. АҚШ-та CNN телекомпаниясы мен ORC International консталтингтік фирмасы бірге жүргізген сауалнамаға қатысқандардың тек 11 пайызы ұшақ апатына Ресейдің еш кінәсі жоқ деп санайтындарын айтқан.

Зерттеу нәтижесі АҚШ-та Ресей туралы жағымсыз көзқарас деңгейі 78 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Ақпан айында америкалықтар арасында жүргізілген осындай зерттеу қорытындысы Ресейді жақтырмайтындар қатары 53 пайыз екенін көрсеткен, ал 2011 жылы бұл көрсеткіш 40 пайызды құраған еді. Қазіргі кезде АҚШ тұрғындарының тек 19 пайызы Ресейге жылы қабақ танытады.

Сауалнамаға жауап бергендердің жеті пайызы Малайзия жолаушылар ұшағының апатын тексергенде Ресей мен Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге сенуге болады деп санайды. 90 пайыздан астамы Ресей мен сепаратистер құлаған ұшаққа қатысты деректерді жасырып отыр деп күдіктенеді.

Егер ұшақ апатына Ресейдің кінәлі екені анықталса АҚШ қандай шара қолдануы тиіс деген сауалға респонденттердің 70 пайыздан астамы дипломатиялық және экономикалық санкциялар салуды ұсынған. 19 пайызы АҚШ ешқандай шара қолданбауы керек деп санаса, 9 пайызы АҚШ әскери іс-әрекетпен жауап бергені жөн деген пікір білдірген.

XS
SM
MD
LG