Accessibility links

Украина премьері Яценюк отставкаға кететінін мәлімдеді


Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.
Украина премьер-министрі Арсений Яценюк.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк коалиция ыдырағаны және үкімет бастамалары кедергіге ұшырағаны себепті отставкаға кететінін бүгін Жоғарғы Радада мәлімдеді.

Ол коалиция ыдырағаннан соңғы амал - жаңа коалиция құру екенін, бірақ онда Аймақтар партиясы депутаттары мен коммунистер болуы қисынсыз екенін айтты.

Жоғарғы Рада бүгін Яценюктің мәлімдемесін қараған жоқ, ертеңге дейін үзіліс жариялады.

Бұған дейін Жоғарғы Рада спикері Александр Турчинов қатарынан "УДАР" мен "Свобода" парламент фракциялары шыққан соң "Еуропа таңдауы" коалициясы ыдырағанын мәлімдеген.

Фракция басшылары Виталий Ковальчук пен Олег Тягнибок ол шешімдері Украина президентіне парламентті таратып, мерзімінен тыс сайлаулар өткізуге мұрсат берерін айтқан.

Коалициядан фракцияда жоқ 15 депутат та шыққан.

Бейсенбі күні Турчинов Украина коммунистік партиясы фракциясы таратылғанын хабарлаған.

Украина конституциясы бойынша, коалиция тараған соң жаңасы құрылмаса, президент парламентің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтата алады.

XS
SM
MD
LG