Accessibility links

Қазақстан адам әлеуеті дамуы индексінде 70-орында


БҰҰ-ның адам әлеуеті дамуы туралы 2014 жылғы есебінде Қазақстан 187 елдің арасында 70-орынға тұрақтады.

Есепте постсоветтік елдерден Ресей - 57, Беларусь - 53, Украина - 83, Түркменстан - 103, Өзбекстан - 116, Қырғызстан - 125, Тәжікстан 133-орында тұр.

Гендерлік теңсіздік бойынша Қазақстан 59-орын алған. Дерек бойынша, бұл елдің парламентінің 18,2 пайызын әйелдер құрайды. Әйелдердің еңбек нарығына араласуы 67,5 пайызды құраған. Ал еңбек нарығына ерлердің араласуы 77,5 пайыз көрсеткішке ие.

Ал гендерлік теңдік бойынша Қазақстан 25-орында тұр. Елдегі әйелдердің өмір сүру ұзақтығы - 72,3 жас, ал ерлердің өмір сүру ұзақтығы 61,0 жасты құраған.

Оқудың орташа ұзақтығы әйелдерде - 10,2, ерлерде 10,5 жылды, жан басына шақ­қандағы жалпы ұлттық кіріс 14,369 - 24,902 доллар арасын құраған.

БҰҰ дерегі бойынша, Қазақстанда 173 мың адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр.

Адам даму индексі рейтингінде Норвегия, Австралия, Швейцария, Голландия, АҚШ - алғашқы орындарда, Сьерра-Леоне, Чад, Орталық Африка республикасы, Конго, Нигер соңғы орында тұр.

Қазақстан бұл есепте 2011 жылы 68-орында, 2012 жылы 69-орында болған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    Азаттықтың Прагадағы кеңсесінде қазақ тілінде редактор. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің репортері. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан, Джакартада өткен Азия ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG